“ҚазҰУ түлегі қарашаңырақтың ғылыми кітапханасына” акциясы басталды

21.10.2010

Көрулер: 2695

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “ҚазҰУ түлегі қарашаңырақтың ғылыми кітапханасына” акциясы басталды.

Осы шара аясында түлектер өз авторлығындағы немесе жеке кітап қорынан кітаптарын университет кітапханасы қорына ұсына алады. Кітаптар механика- математика факультетінің ғимаратында және университет кітапханасының абоненттік бөлімшесінде қабылданады.

Акция ұйымдастырушылары ұсынылатын кітаптардың тізімін жасап, тапсырушы өзінің мекен-жайын, аты-жөнін, факультетті аяқтаған жылын және байланыс телефондарын толық көрсетуді өтінеді. Акцияның бірінші бөлімінің қортындысы 2010 жылдың 19 қарашасында өтеді. Оны Университеттің Түлектер қауымдастығы қадағалайды.

ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығы