«Ана тілі» аруы-2010» байқауының финалдық шоу-кеші жақындап келеді

20.10.2010

Көрулер: 2763

Қыркүйектің 21-і басталған бұл сайыстың кастингісі барша ҚазҰУ қыздарын елең еткізбей қоймады. Ажарына көркі сай сұлу да сымбатты, өнерлі де парасатты жүзден астам арулар келіп бағын сынады. Іріктеудің екінші кезеңіне өз өнерін үздік көрсеткен 40 қыз қатысып, олардың 20-сы ғана байқауымыздың келесі кезеңіне жолдама алды.

«Ана тілі» аруы» байқауының бұл кезеңі «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне» арналды. Төрешілеріміз қыздарымыздың он саусақтарынан бал тамған өнерлерімен қоса, тағамның дайындалу жолдарын дұрыс таныстыру және тағамдарын барынша жоғары бағамен сату қабілетін де байқай алды. Барлық факультеттің өкілі қатысқан «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесінен» түскен қаржыны арулар қайырымды іске жұмсап, №1 балалар үйіне барып қайтты.

Бұдан кейін рухани демалыс орны Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры аруларды «Тұншыққан сезім» атты спектаклімен қарсы алды.

Сұлудан сұлу оза отырып ең соңғы ақтық сайысқа 14 ару іріктелді. Қорытынды сайыс 24 қыркүйек күні А.Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді. Келіңіздер, көріңіздер Ана тілі аруын бірге анықтайық.

ҚазҰУ-дың Студенттік Баспасөз орталығы