ҚазҰУ «известиялықтарды» 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

15.10.2010

Көрулер: 3560

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов аталмыш газет ұжымына құттықтау жолдады. Құттықтау хатта: «Он жыл бұрын сіздер 2008 жылы 90 жылдығын атап өткен ресейлік жалпыұлттық «Известия» басылымынан бөлініп шықтыңыздар. Содан бері, сіздер, тәуелсіз Қазақстанның замандасы ретінде күннен-күнге тақырыптарыңыздың тыңғылықтылығымен еліміздің нығаюына атсалысып келесіздер. Сіздердің басылымдарыңыз дәстүрді жалғастыра отырып Қазақстанның саяси, қоғамдық және мәдени өміріне қалам тербеп қазақстандық БАҚ арасында өзінің маңызды орынын иеленуде. Осы негізде мемлекеттік саясаттың, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сауатты саясатының жетекшісі, жалғастырушысы бола білдіңіздер» деп жазылған.

Бүгін "Известия Казахстан" газетінің кеңсесінде «Нұр-Медиа» ЖШС басшылығы мерейтой иелерін құттықтады. Медиа-холдингтің бас директоры Қайсар Жаңаханов бірлігі жарасқан ұжымның жоғары кәсібилігіне, ерен еңбектеріне және шығармашылық ізденістеріне алғыс айтып, алдағы уақыттағы жоспарларды, жобаларды атап өтті.

«Известия Казахстан» ЖШС Бас редакторы Қадыржан Забих қуаныштарына ортақтасып жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры Шолпан Жаманбалаева мен Баспасөз қызметінің жетекшісі Майра Сағымбаеваны жылы шыраймен қарсы алды.

– Сіздер өздерінің сүйікті газеттеріне адал, Отан алдындағы қызмет атауына үлгі болатын қазақстандық «известиялықтарды» қалыптастырып, тәрбиелеген жемістеріңіз үшін мақтануларыңызға болады. Әсіресе осы газеттің редакция ұжымын біздің үздік түлектеріміздің бірі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің тәрбиеленушісі басқарып отырғандығын ереше атап өткім келеді, – дейді ҚазҰУ проректоры.

Бүгінде Қазақ ұлттық университеті мен «Известия» басылымы арасында тығыз шығармашылық әріптестік бастау алған. Еліміздегі жетекші университет пен республикамыздың ірі газеті арасындағы екі жақты байланыс жалғасын тауып, дами бермек. Бұл алдымен болашақ журналистер – журналистика факультетінің студенттері үшін өте маңызды. «Известиялықтардың» шығармашылық кездесулері, шеберлік сыныптары – бұл кәсіби шеберлік үшін үлкен мектеп болып табылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі