«Айдындағы аруыма» және «Ұйқыашар» кітаптарының тұсауы кесілді

14.10.2010

Көрулер: 3541

14 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Ұйқыашар» және «Айдындағы аруыма» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті. Былтырғы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына орай, арнайы «Селтеткізер» студенттер шығармаларының жинағы шыққан болса, «Ұйқыашар» соның жалғасы ретінде басылып отыр. Кітап шығармалары іріктеуден өтікізіліп, ең үздік деген проза мен поэзия туындыларынан құралған. Студент өз қаламын ұштау үшін жасалып жатқан осындай игі бастамалар, алдағы уақытта жемісті болады деп сенеміз.

«Баспа ісі және БАҚ дизайны» кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы өз сөзінде: «Біздің студентік кезімізде кітап тұрмақ, мақаламыздың газет бетінде жарық көргеніне қуанатыныз. Міне, сіздер үшін жағдайдың жасалғандығы, мүмкіндіктің кеңдігі деген осы. Студенттердің қолжазба жинағы шығып отыр. Бұл үлкен қуаныш», - деп атап өтті.

«Айдындағы аруыма» кітабы талантты теле жүргізуші, журналист Руслан Бөлебайға арналған естеліктер жинағы. Құрастырушы - қарындасы Айнұр Бөлебай. «Бұл кітаптың жарыққа шығуына Айнұр көп еңбек етті. Барлық материалдарды жинаған да өзі. Ал кітаптың атын қоюға келгенде, "ағай, өзіңіз айтсаңыз" деп өтініш білдірді. "Айдындағы аруыма" деп алған себебім,Руслан ертеректе жазғанөлеңіносылай атаған екен. Сондықтан, естелік кітапты осылай атап, көзі тірісінде қолы жетпеген арманына Руслан бақилыққа аттанғаннан кейін "ескерткіш тұрғызып" кеткендей әсер қалдыру үшін қойдым. Шындығында оның жасаймын дегендері көп еді ғой», - дейді аталмыш кітаптардың жарық көруіне бас-көз болған «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы Дәрмен Смайыл.Тұсаукесер барысында кітаптар журналистика факультетінің Серік Әбдірайымов атындағы оқу залына табыс етілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі