ҚазҰУ халықаралық спорт жарыстарына майталмандар даярлауда

13.10.2010

Көрулер: 2958

Өткен демалыста Кіші Алматы орман шаруашылығының маңында туризм техникасы бойынша жарыс өтті. ҚазҰУ-дың туризм кафедрасы ұйымдастырған жарысқа Алматы қаласының Спорт туризмі мен Туристік көпсайыс федерациясы қолдау көрсетті.

Жарыс дистанциясы бес кезеңді екі параллелді трассадан тұрған. Қатысушылар арнайы туристік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы арқан «өрмегінен» өту, асылған арқан өткелінің бірнеше кесіндісін асып өтуі, «маятник» қолданып сайдан секіру, асылған өткел арқылы өзеннің арғы жағасына өтуі, «төмпешіктер» мен «батпақтан» өту сияқты міндеттерді орындады.

Старттарда 1, 2, 4 курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Олар туристік және альпинистік құралдармен жұмыс жасау шеберлігін көрсетіп, туристік техника білімін бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар жарысқа қатысу арқылы көңіл көтеріп, денсаулық үшін пайдалы әсермен тарасты.

Жарыс жеңімпаздары арнайы жүлделін сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш жарысты 16-17 қазанда өтетін туристер слеты мен халықаралық «Достар естелігіне» атты ашық жарыстың дайындық кезеңі деп қарастыруға болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі