"Болашақтың ғылымы" атты Халықаралық ғылым және білім конгресі

20.10.2010

Көрулер: 2973

2010 жылдың 22-23 қазан күндері аралығындаАлматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашақтың ғылымы» атты Халықаралық ғылым және білім конгресі өтеді.

Конгрестің үлкен ауқымда өтуіне Еуразиялық университеттер ассоциациясының президенті В.А. Садовничи мен ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов бастама жасады, Қазақстан Республикасының Президенті қолдау көрсетті.

Конгресс баяндамашылары: Еуразиялық Одақтың Қазақстандағы басшысы, елші Норбер Жустен, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, РҒА академигі В.А.Садовничий, ҚР Білім және ғылым министрі ҚР ҰҒА академигі Б.Т.Жұмағұлов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Конгресс Университеттердің Еуразиялық қауымдастығы аясында өтеді.

Конгрестің мақсаты – жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, инновациялық серпілісті қамтамасыз ету, интеграциялық үдерістегі интеллектуалдық элитаның қызметін біріктіру, еуразиялық консолидация шеңберіндегі азаматтардың жағдайын жақсарту мен нық экономикалық өсуді қамтамасыз етуге арналған ғылыми және білім бағдарламалары мен технологияларын дамыту, жетілдіру мәселелерін қарастыру болып табылады.

Конгресс жұмысына 65 жоғары оқу орындарының ректорлары, 7 Ұлттық Ғылым академияларының президенттері, университеттердің Еуразиялық университеттер ассоциациясына мүшелер, шетел және ТМД мемлекеттерінің белгілі ғалымдары мен мамандары қатысады.

Конгрестің секция мәжілістеріне қатысушылар ғылымның жаңа бағыттары бойынша іргелі зерттеулердің, экономиканың инновациялық секторына арналған ғылыми технологияларды енгізу, қазіргі заман білімі мен технология трансферлерімен қамтамасыз ету, ғылыми кадрларды дайындау жүйесін жетілдірудің көкейтесті мәселелерін қарастыруға, сонымен қатар мамандарды дайындау сапасын, олардың инновациялық белсенділігін арттыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен оқыту әдістерін енгізуге байланысты мәселелерді талқылап, шешуге мүмкіндік алады.

Конгресс ғылым мен инновацияның ілгері дамуының зәру мәселелеріне байланысты әртүрлі ел ғалымдарының идеялар алмасуы мен жемісті пікірталастың алаңына айналады.

Байланыс тел:

8 (727) 377 33 12 (Ғылым мен инновациялық қызмет бойынша Департаментінің директоры Могильный Валерий Валентинович),

8 (727) 377 33 30 (ішкі 1159 – ғылыми-зерттеу қызметі бөлімінің бастығы Жакенова Қарлығаш Аманбековна)

БАҚ-қа аккредитация бойынша тел: 8 (727) 377 35 20 (баспасөз қызметі)