ИЫҰ дипломаттары ҚазҰУ-да бас қосты

12.11.2018

Көрулер: 1726

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ИЫҰ Бас хатшылығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер дипломаттарының бағдарлық бағдарламасы өтуде.

Ашылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлімнің Директоры, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Асқар Мусин, Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлімнің бас маманы, ИЫҰ-ның бас хатшысы Файсал Абро, Қазақстан Республикасындағы Пәкістан елшісі Имтияз Ахмад Кази, Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлібек Бақаев пен 25 мемлекеттен келген аталмыш шараның қатысушылары болды. 

"Терроризмге қарсы күрес бұл бір ғана мемлекеттің емес,  халықаралық деңгейдегі күресті қажет етеді. Осы орайда ерекше айтқым келетіні Елбасымыз 2015 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясында барлық мемлекеттерге бірыңғай антитеррорлық ұйым құруды ұсынған болатын. Ал бүгінгі шара ИЫҰ аясында өтіп жатыр, аталмыш ұйым 57-ге жуық мемлекетті біріктіріп отыр. Бағдарламаға БҰҰ мен Египет, Пәкістан, Нигерия және Түркия мемлекеттерінің өкілдері қатысып отыр.  Олардың ішінде тіпті Азия, Африка, Оңтүстік Американың Суринам елінен де келгендер бар", – деді Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлімнің директоры, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Асқар Мусин.

14 қарашаға дейін созылатын аталмыш бағдарламаға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстандағы шет елдік дипломатиялық корпустардың өкілдері және белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Шара терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау мен қоғамды радикализациялау, бірлескен стратегиялар және шараларды әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адам құқықтарын және заңның үстемдігін қамтамасыз ету салалары бойынша озық тәжірибемен алмасуға жол ашады. Бағдарламаның қорытынды бөлімінде қатысушылар өз ой-пікірлерін және ұсыныстарымен бөліседі.

 

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz