Тайбей ынтымақтастық орнатуға дайын

01.11.2018

Көрулер: 2656

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Тайбей университеті жақын болашақта екі университет арасында бірлесе студенттер мен магистранттарға арналған жазғы мектеп өткізеді. Мұндай алдын ала келісім ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Тайбей университетінің президенті Хсиа-Лин Таймен кездесу барысында айтылды.

Азия-тыных мұхиты аймағының делегация құрамын қарсы алған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру қызметі мен халықаралық байланысы, әріптестігі, әлемдік рейтингтегі бүгінгі жетістіктері және таяу болашақтағы жоспарларымен таныстырды.  

Келіссөздер барысында ҚазҰУ әлемдегі 500-ден астам ірі университеттермен табысты ынтымақтастығы және бірқатар халықаралық ұйымдар тарапынан қарқынды халықаралық байланыстарда қолдау тауып, оқу үдерісін жетекші шетелдік университеттердің сапа стандарттарына сәйкес келетін қазіргі заманғы бағдарламалармен қамтамасыз етуде оң бағаға ие болды. ҚазҰУ бүгінде көптеген Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық университеттер қауымдастығының, Әлемдік университеттер консорциумының мүшесі.

Өз кезегінде Тайбей университетінің президенті Хсиа-Лин Тай университет басшылығының жылы лебізбен қарсы алғанына алғыс білдіріп, бұл сапар оқу, ғылым саладағы ынтымақтастық бағыттары мен тығыз достық байланыс орнатудың бастауы болатынына сенім білдірді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға алғаш рет келген делегация құрамы әл-Фараби кітапханасы мен жалпы университет аумағының кеңдігіне таң қалыстарын білдірді. Кездесу барысында қонақтар болашақта бірлесе одақтаса жұмыс жасау академиялық ұтқырлық үшін баламалы студенттік алмасу бағдарламасына жол аша отырып, Қазақстандағы ең үздік университеттің зор әлеуетіне және ынтымақтастығына деген қызығушылығын ерекше атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Эрасмус + 30 әртүрлі бағдарламаларына қатысады. Білім берудің барлық деңгейі 3 тілде жүргізіледі. Білім алатын жалпы студенттер санының жеті пайызын ТМД, Ауғанстан, Қытай, Корея және басқа елдерден келген шетелдік студенттер құрайды.

Кездесуде одан бөлек Жібек жолы университеттері Альянсы туралы жыл сайын жазғы мектептер, дөңгелек үстелдер өтетіні және Жібек жолы университеттері Альянсының 36 университеттерімен ынтымақтастығы туралы да сөз болды. 

Сондай-ақ шара барысында ҚР үкіметі тарапынан шетелдік профессорларға грант бөлу, академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар аясында жыл сайын 200-ге жуық студент шетелге шығатыны жөнінде де айтылды.

Екі университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылау барысында президент Хсиа-Линь Ти студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, сондай-ақ ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Толыққанды ақпаратпен бөлісу үшін делегация құрамы Тайбэй университетінің қызметі мен тарихынан сыр шертетін бейнефильм ұсынды. Кездесу соңында тараптар болашақ ынтымақтастыққа үміттеніп, медицина және спорт саласындағы жобалардың келешек бағыттарын анықтады.

 

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz