Тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

23.10.2018

Көрулер: 3317

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының базасында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту фондының қамқорлығымен студенттер арасында Әскери-патриоттық «Sarbaz race - 2018» ойыны өтті.  

«Сарбаз рейс - 2018» атты әскери-патриоттық ойында Алматы қаласында орналасқан барлық ЖОО-ның студенттері қатысты. Командалар таудағы дайындық элементтері бар арнайы бақылау жаттығуларын орындауымен бәсекелесті. Жеткілікті қиын кедергілер жолағы өзіне жасанды және психологиялық, өткел, түсу, арқан кезеңдерін қосты.

Үлкен аралықпен бірінші орын жүлдегері болып ҚазҰУ әскери кафедрасының командасы ие болды. Әскери кафедра студенттері моральді-психологиялық, дене шынықтыру және әскери-патриоттық тәрбиеленуге ерекше дайындалған. Ал бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің критериялары қазіргі жастарды тәрбиелеу мен сапалы дайындауды талап етеді.

Қатысушылар тек ер балалар ғана емес, сонымен қатар нәзік жанды арулардан да тұрды. Қуаныш Куралай мен Пархат Айшуақ барлық ойын сынақтарынан сүрінбей өтіп, ойынға белсене қатысты.

Әскери кафедра

www.kaznu.kz