«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

04.09.2010

Көрулер: 2836

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚазҰУ-дың әлемнің 400 университетімен өзара достық келісімі бар. Бұл туралы Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры бүгін Алматыда ҚХР Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК-нің Хатшысы, ҚКП ОК-нің Насихат министрі Лю Юньшанмен болған кездесуде айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде ғылыми жобалар өте көп. Оларды Қытайдың ғылыми орталықтарымен бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар. Жоғары оқу орнында 8 мың ғылыми қызметкері бар 25 ғылыми-зерттеу институты бар. Ал университеттегі студенттердің жалпы саны 22 мың болса, ондағы профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттарының саны 2 мың адамды құрайды. Бұл Қазақстан үшін өте қомақты әлеует болып табылады», дейді Университетің ректоры Бақытжан Жұмағұлов. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл жоғары оқу орны әлемнің 400 университетімен қарым-қатынас орнатқан. Оның 17-сі Қытай Халық Республикасында. Оқу орындары арасында студенттер алмасып, жас мамандардың өз білімдерін жалғастыруына қолайлы жағдайлар жасалуда.Жалпы Қытай мен Қазақстан арасында қазір мәдениет пен білім беру саласында шешімін таппаған ешқандай ірі мәселелер жоқ.