ҚазҰУ халықаралық аударма компаниясымен меморандумға қол қойды

06.09.2018

Көрулер: 3602

ҚазҰУ ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберінде жаһандық ғылыми-зерттеу қоғамдастығы үшін ағылшын тілінде редакциялық қызмет көрсетудің жетекші жеткізушісі Enago компаниясымен келісімге қол қойды.

ҚазҰУ ғалымдары үшін қолжазбалар дайындауға Enago компаниясы қызмет көрсететін болады. Осы өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында ҚазҰУ ғалымдары өз зерттеулерінің мақалаларын танымал халықаралық ғылыми журналдарда жариялау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Бұл әріптестік университет үшін де, Enago компаниясы үшін де өте маңызды. Үш деңгейлі қолдау арқылы Академиялық аударма, басылымға дайындау және ғылыми-техникалық редакциялауды қамтитын әртүрлі пәндік сала бойынша Enago мамандарының командасы ҚазҰУ-дың ғалымдары мен авторларына өз жұмыстарын журналдарда жариялау және қабылдау үшін қажетті ең қатаң стандарттарға сай дайындауға көмектеседі. Сондай-ақ 40% мөлшерінде қызмет көрсету жеңілдіктерімен қатар, университет авторлары Enago тобының ҚазҰУ үшін арнайы құрылған порталында ғылыми ресурстарға қол жеткізе алады.

Келісім аясында ҚазҰУ университет оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы өз зерттеушілерінің қызметін Enago тобы арқылы ілгерілететін болады. Толық ақпаратты мына сілтемеден ала аласыздар https://www.enago.com/kaznu/