Жапониядағы тағылымдама

03.09.2018

Көрулер: 3704

Жапония Ғылым және Технологиялар Агенттігінің (JST) ұйымдастыруымен «Japan-Asia Youth Exchange Program in Science (SAKURA Exchange Program in science)» бағдарламасы бойынша шығыстану факультетінің ұстазы Ахапов Ерлан және бір топ студенттер Жапонияның Цукуба университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.   

Аталған бағдарлама белсенді студенттер мен жас ғалымдарға ғылыми тақырыптарына қатысты Жапонияның ғылыми жетістіктерімен танысуға арналған.

Тағылымдама барысында студенттер мен жетекші ұстаз Цукуба университетінің басты зертханаларын аралап, Tsukuba Science City қалашығында орналасқан орталықтардың соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерімен танысты.

ҚазҰУ-дың негізгі стратегиялық серіктесі саналатын Цукуба университеті еліміздің шығыстанушы кадрларын дайындауда бірлесе жұмыс атқарып, зор үлес қосып келеді.

Қиыр Шығыс кафедрасы