Болашақ ынтымақтастықтың бастауы

10.07.2018

Көрулер: 3289

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев Рас-ал Хайма әмірлігінен келген Шейх Cақр бин Мұхаммед әл-Қайсыми гуманитарлық қайрымдылық қорының бас директоры Ахмед бин Рашид әз-Зиғаби мен кездесті.

Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта шығыстану факультетінде ашылғалы отырған Шейх Сақр бин Мұхаммед әл-Қайсыми атындағы оқу залының ашылуы мен болашақта қос ел арасындағы университеттердің білім мен ғылым саласы бойынша қандай бағытта қарым-қатынас орнатуға болатыны жайлы талқылады.

«ҚазҰУ-ға келіп осынан Шейх Сақр  бин Мұхаммед әл-Қайсыми атындағы оқу залын ашудағы мақсатымыз екі ел басшыларының жақсы қарым-қатынастары деп білемін. Дәл осындай ынтымақтастықты біз өз тарапымыздан қос ел арасындағы университет деңгейінде дамытып, жастарға білім алуда қолдау көрсеткіміз келеді. Ал бүгінгі кездесуіміз болашақта барлық бағыттағы ынтымақтастық қарым-қатынастың бастауы деп үміттеміз»,-деді Ахмед бин Рашид әл-Зааби.

 

 

Баспасөз қызметі