Жаратылыстану және математика мамандықтарының жаңа тынысы

07.06.2018

Көрулер: 2984

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті мәжілісі өтті. Аталмыш жиында Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясындағы жаратылыстану және математика бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға байланысты мәселелер талқыланды.

Шараға еліміздің ЖОО-ның жаратылыстану және математика мамандықтарының оқытушылары, жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатысты. Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде математика, IT, физика, химия, биология және география мамандықтары бойынша секция жұмыстары жүргізіліп, пленарлық мәжілісте қортынды ұсыныстар ұсынылды.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше білім беруде әлемнің жетекші ЖОО-ларының тәсілін ескеру керек, солардың ішінде анағұрлым ұтқыр болып саналатын модулдық білім беру саласы болып табылады. Оның ерекшелігі білім берудегі әр кезеңде нақты мақсат қойып, оқу құралдарын қойылған мақсатқа орай сәйкестендіру, барлық компонентерді дидактикалық жүйе бойынша қатаң ұстану, тәжірибелік, зертханалық және өзіндік жұмыстарды студенттердің жеке ерекшеліктеріне орай ұйымдастыру. Сондай-ақ модулдік білім беру ОҚП мен студенттердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың аталмыш мамандықтар бойынша факультет декандары өз баяндамалары мен ұсыныстарын көпшіліктің назарына ұсынды.

Жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы тәжірибелік сабақтар мен лабараториялық экперименттер маңызды. Өйткені дәл осы сабақ түрлері түлектердің функционалды құзіреттілігін көтеріп, ғылыми ізденіс пен зерттеулерге деген қызығушылығын оятады. Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаратылыстану және математика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнына толыққанды системалық жаңартулар жүргізілуде. Жаңартылған аталмыш білім беру бағдарламасы оқу процесінде студенттерге көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

Секция жұмыстарында жаратылыстану және математика пәндері бойынша; ағымдағы жағдайға анализ жасау, халықаралық тәжірибиеге сүйене отырып жаратылыстану және математикалық бағыттарда мамандар даярлауда жаңа технологиялар мен жаңа тәсілдерді анықтау мен олардың қажеттелігіне мән беру және ОҚП-нің біліктілігін арттыру сынды мәселелер қаралған болатын. Шара барысында  ұсынылған қортынды ұсыныстар алдағы уақытта  ҚР білім және ғылым министірлігіне қаралымға жіберілетін болады.

 

 

 Баспасөз қызметі