Факультет ғалымдары Springer Nature Awards халықаралық сыйлығының иегерлері атанды

30.10.2017

Көрулер: 3104

2017 жылы 6 қазанда Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында халықаралық Springer Nature баспасы тағайындаған ғылым мен техника саласындағы тәуелсіз Springer Nature Awards марапатын тапсыру салтанаты өтті. «Жаратылыстану ғылымдары саласында мақалалары ең көп жарияланған Қазақстан ғалымдары» аталымы бойынша физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Ж.Қ.Қайырбеков сыйлық иегері атанды. «Технологиялар саласында мақалалары ең көп жарияланған Қазақстан ғалымдары» аталымы бойынша химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Жану проблемалары институтының бас директоры З.А.Мансұров сыйлық иегері атанды.

Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!