Ка-Фоскари университеті ҚазҰУ-да

23.05.2018

Көрулер: 477

Ка-Фокари университетінің ректоры Мишель Буглиеси жұмыс сапарымен ҚазҰУ-ға келіп, Қазақстанның жетекші университетінің басшыларымен кездесті. 

Кездесу аясында тараптар ғылым және білім саласының келешегі мен ынтымақтастық бағыттарын талқыға салды. Оқу жұмысы жөніндегі проректор Асқар Хикметов универсиет қызметі мен орталықтарды ашуға қатысты жұмыстарды күшейту туралы кейбір ұстанымдар жайлы айтты. Бүгінгі таңда Шанхай және Пекин университеттерінде ғылыми-білім беру орталықтары жұмыс жасайды сондай-ақ алдағы уақытта Нидерланды Иордания және Египетте орталықтар ашу жұмыстары жүріп жатыр. Кездесу барысында қазақстандық студенттердің итальян тілін үйренуге деген үлен қызығушылықтарын ескере отырып, ҚазҰУ-да итальян тілі мен мәдениеті орталығын құру ұсынылды. Қазіргі таңда халықаралық қатынастар факультетінде роман тілдерін үйрету орталығы жұмыс істейді. Серіктес жоғары оқу орындары арасында орталықтардың ашылуы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге көтеріліп олардың қызметі Қазақстан мен Италия арасындағы достықтың көпіріне айналады.

Атап айту керек ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов бұдан бұрын Ка-Фоскари университетінде болып нәтижесінде, бірлескен ғылыми-білім беру қызметі мен академиялық алмасым бойынша университеттер арасында екіжақты келісімге қол қойылған болатын. Өзара келісім аясында студенттер Ка-Фоскари университетінде қосдиплом бағдарламасымен бір семестр білім алды. Жалпы мәселелерді талқылау барысында әлемдік жетекші университеттер негізінде Ка-Фоскари университетінде тілдерді оқытудың қазақстандық орталығын құру жайы да талқыға салынды.

Өз кезегінде Ка-Фоскари университетінің ректоры Мишель Буглиеси университет қызметіне жоғары баға беріп, ҚазҰУ басшылығына жылы шыраймен қабылдағанына алғыс білдірді.

«Бізге университет кампусы өте ұнады. Университет барлық мүмкіндікке ие. Оның инфрақұрылымы барлығы біз ойлағаннан да жоғары деңгейде тіпті таңқалдырды. Мен бүкіл әлем бойынша көптеген АҚШ, Еуропа университеттерін аралап кампустарында болдым. Соның ішінде әсіресе сіздердің «Керемет» СҚК-ғы медицина орталығы жоғары дәрежеде тұр. Студенттер үшін өте жақсы тәжірибе алатын білім ордасы кішігірім қалаға ұқсайды және сіздердің университетіңізде кез-келген жас оқып, толық тәжірибе жинақтауға болады», - деді. Сондай-ақ, ол жаңа фармацевтикалық рецептілерді әзірлеу үшін медицинада нано-технологияларды қолдану туралы университеттің презентациясын ұсынды. Ғалымдар аталған бағытта ең ірі ғылыми орталығы бар Орлеан ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істейді.

Шара соңында Ка-Фоскари университетінің ректоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы ең үздік ЖОО бірі болса, Ка-Фоскари да дәл солай Италиядағы үздік университет саналады. Екі үздік ЖОО-ды мысалға ала отырып тығыз ынтымақтастықты қалпына келтіруде болашақта екі тараптың күш-жігерін бір арнаға біріктіруге болады.

Баспасөз қызметі