«Қазақстандағы жоғары білім берудің əлеуетін арттыру бойынша Erasmus+ құрылымдық жобаларының ықпалы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету» кластерлік кездесуі

15.05.2018

Көрулер: 3142

Erasmus+ ENINEDU жобасының зерттеу тобы "Қазақстандағы жоғары білім берудің əлеуетін арттыру бойынша Erasmus+ құрылымдық жобаларының ықпалы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету" кластерлік кездесуіне қатысты.

Кластерлік кездесу мақсаты - Қазақстандық университеттер қатысқан ЖББƏА Эразмус+ құрылымдық жобаларының нысаналары мен нəтижелерімен танысу, оларды жүзеге асыру барысын жақсарту, ұлттық деңгейдегі ықпалын арттыру жəне нəтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды қамтамасыз ету.

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі Тасболатова Т.Ш. мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры Өмірбаев С.М. жобаның маңыздылығын көрсете отырып, құттықтау сөз сөйледі.

Жобаның үйлестірушісі Джомартова Ш.А. жұмыс тобының негізгі нәтижелерін атап өтті. Кездесуге 30-дан астам ЖОО, мемлекеттік органдар мен жеке сектордың 69 өкілі қатысты.