«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының психологиялық негіздері» тақырыбындағы Республикалық дөңгелек үстелде С.М.Жақыпов атындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының қорытындылары жасалды

30.04.2018

Көрулер: 4664

Өткізілу күні – 2018 жылғы 30 сәуір 
Өткізілу уақыты – 11.00-ден 13.00-ге дейін
Өткізілетін жері: ФжСФ, 123 ауд. 
Ұйымдастырушылар: Психологиялық технологиялар және инновациялар орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Модератор: кафедра меңгерушісінің ғылыми жұмыс бойынша орынбасары Кудайбергенова С.К. 
Қатысушылар: ҚР ЖОО-ларының оқытушылары, психолог-практиктер, студенттер, магистранттар, докторанттар.
Мақсаты: 1) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеяларына сай, жастарға білім берудің және олардың тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық және этнопсихологиялық негіздерін білудегі педагогтардың, психологтардың, студенттердің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігін жоғарылату. 2) С.М.Жақыпов атындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының қорытындысын жасау.
2018 жылдың 30 сәуірінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Философия және саясаттану факультетінде С.М.Жақыповты еске алуға арналған ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының психологиялық негіздері» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өтті.
Профессор С.М.Жақыповтың қазақстандық эксперименттік этнопсихологиясының қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі туралы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары: доцентр Сейтнур Ж.С., магистрант Масимгазиева А., профессора Ташимова Ф.С. қызықты және мазмұнды баяндамалар оқыды.
Баяндамашылардың сөзінен кейін 2018 жылғы С.М.Жақыпов атындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық сайысының қазылар алқасының Төрайымы – Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, психология ғылымдарының докторы, Акажанова А.Т. сайыс нәтижелерін жариялады. 2018 жылы сайысқа үш жоғарғы оқу орнынан және екі қаладан 4 жұмыс келген болатын. Барлық жұмыстар өзекті, қызықты және эмпирикалық жағынан сауатты орындалғандығын атап өткен жөн. Қазылар алқасының мүшелері Сыздыкова Азизаның жұмысын ерекше атап өтті.
1 орын - Сыздыкова Азиза Ханатовна «Қазақ тілінінің латын жазбасына өтуінің психологиялық ерекшеліктері» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі – психол.ғ.д., профессор Бердібаева С.Қ.);
2 орын - Куандыкова Баян Жайлаубаевна «Біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекеттегі магистранттардың динамикалық процесстерінің психологиялық ерекшеліктері» («Тұран» университеті, Алматы; ғылыми жетекшісі – психол.ғ.к., доцент Аксакалова Ж.К.);
2 орын - Салимова Гулнәр Ерланқызы «Студент тұлғасының психологиялық дамуына жүйелі-диалогтық ойлау іс-әрекетінің әсері» (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі – психол.ғ.д., профессор Токсанбаева Н.К.);
3 орын - Кричанова Анастасия Николаевна «Студенттердің «психолог» мамандығына эмоциялық қатынасының гендерлік айырмашылықтарын зерттеу» (Орталық-Қазақстан Академиясы, Қарағанды қ., ғылыми жетекшісі – психол.ғ.к., доцент Нигай Е.В.
Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және қаржылай шәкіртақылармен марапатталды. Шәкіртақыларды С.М.Жақыповтың шәкірттері – ЕГИ профессоры Изакова А.Т., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Валиева А.Б., ЕАГИ доценті Абрашитова Т.А. ұйымдастырды.
Профессор Жақыпов С.М. атындағы СҒЗЖ Республикалық сайысы қазақстандық психологиялық ғылымның жақсы дәстүріне айналады деген сенімдеміз.