Дипломат дәрісі

12.05.2018

Көрулер: 2844

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов университеттің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті. Кездесу бағдарламасы аясында бірінші қазақ дипломаты, көрнекті саяси және қоғам қайраткері тіл маманы және дипломат, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы бірінші Елшісі Нәзір Төреқұлов есіміне арналған аудиторияның ашылуы болды.

Салтанатты рәсім барысында мұндай шараның маңыздылығына тоқталған лауазымды қонақ қажетті әрі жоғары білікті мамандардың ұстаханасына айналған университет қызметін де жоғары бағалады.

Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов министр Қайрат Әбдірахмановқа бірінші қазақстандық дипломат Нәзір Төреқұлов атындағы аудиторияның ашылуына қатысқаны үшін алғысын айтып, болашақ дипломат студенттерге Қазақстан ішкі саясатының негізгі бағыттары жайлы «өз аузынан» естуге мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылығын жеткізді.

«Қазақстан ішкі саясатының маңызды бағыттарының бірі – заманауи университеттердің рөлі ерекше аталатын гуманитарлық әріптестік екендігіне ерекше тоқталғым келеді. ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабы сияқты әлемнің жетекші ұйымдарымен жаһандық халықаралық ғылыми-білім беру және инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында үлкен жұмыстар жүргізуде және ғылым мен білім саласында жаһандық бастамалардың белсенді қатысушысы болып отыр», - деп атап өтті ректор. Жақында ғана БҰҰ-ның Нью-Йорктағы штаб-пәтерінде жаһандық азаматтық мәселелерге арналған халықаралық конференция өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ алаңында жоғары деңгейде жасалған іс-шараның негізгі бастамашысы ҚазҰУ болды. Сонымен бірге конференция ұйымдастырушылары қатарында БҰҰ Өркениеттер альянсы және ҚР-дағы БҰҰ Өкілдігі бар. Адамзат өркениетін дамыту бойынша БҰҰ-ның он қағидасын жүзеге асыру негізінде университеттің академиялық қоғамдастықты тарту белсенді қызметі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде жоғары бағаланды және ҚазҰУ-дың Жаһандық хабқа жетекшілік етуі 2020 жылға дейін ұзартылды.

Өз кезегінде Қайрат Құдайбергенұлы UNAI жаһандық хабына жетекшілік етіп отырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмысына жоғары баға берді, сонымен бірге ректорға және университет ұжымына еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын жылжыту науқанына қосқан үлестері үшін алғысын жеткізді.  

Министр мырзаның дәрісінде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар қозғалды, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіндегі жетістіктері айтылды, тыңдарман назарына сыртқы саясаттағы Елбасы тұлғасының масштабы Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын әлемдік аренада ілгерілетуде ерекше жарқын және көрнекті екендігін жеткізді.

«БҰҰ өкілдері біздерді білімді жастардың арқасында танып-білуде. Менің айтқым келетіні, бізге бұл жолдан таймау керек және Елбасы қойған міндеттерді атқаруға мақсат қойып, сол талаптарға бағытталуымыз керек. Олардың бірі – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену», - деп атады министр, өзінің болашақ дипломаттар, халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттері студенттеріне арналған баяндамасында.

       Қ. Әбдірахманов Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтарға және әлемдік саясаттағы тенденцияларға көңіл аударды. Соның ішінде ол жаһандық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау процестері жайлы тоқталды. Бүгінде Қазақстан көптеген елмен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға зор мән беруде, ол сенім мен көршілікті жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының көрегендігі мен даналығының арқасында біздің елдің әлемде бірнеше көршілері бар. Еліміз берік сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда, сонымен бірге аймақтық және халықаралық әлемге, өркендеуге сүбелі үлесін қосып келеді.

Дәріс барысында қазақстандық сыртқы саяси ведомства басшысы негізгі басымдықтардың бірі – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі мансабы жайлы баяндады. Бұл – халықаралық қоғамдастықтың назарын ауған мәселелеріне аударту. Қазақстан Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне алаңдаулы және жыл сайын азық-түлік жеткізу сияқты гуманитарлық көмек көрсетуде, қазақстандық ЖОО-ларда оқу бағдарламасын жүзеге асыруда, Қазақстан қаржысы есебінен мектептер мен жолдардың құрылыстары жүруде. Мәселен, жыл сайын ҚазҰУ студенттер қатарын 200-ден аса Ауғанстаннан келген білім алушылар толықтырады.

Дәріс кезінде сыртқы саяси ведомства басшысының заманауи дипломаттың негізгі қасиеттері жайлы айтқан кеңестері мен ойларына студенттер тарапынан үлкен қызығушылық туды. Қорытынды сөзінде сыртқы істер министрі бүгінгі студенттер – ертеңгі дипломаттарға өзінің батасын берді.

Сапары бағдарламасы аясында сыртқы істер министрі студенттік кампустың инновациялық нысандарымен танысты. Жағдайды басқару Орталығына, әл-Фараби кітапханасына және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына барды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі 

8727 377 3148