Бронх демікпесін емдеуде қандай жаңашылдықтар бар?

11.05.2018

Көрулер: 2922

Семинар: «Ауыр бронхиалды демікпе: Еуропалық респираторлық қоғам сателлиттік симпозиумының нәтижелері және басқа да инновациялар» тақырыбында жалпы практика дәрігерлері үшін

 2018 жылдың 13 сәуірінде биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы семинар «Ауыр бронхиалды демікпе: Еуропалық респираторлық қоғам сателлиттік симпозиумының нәтижелері және басқа да инновациялар» тақырыбында жалпы практика дәрігерлері үшін семинар өткізді. Семинарды жүргізуші- профессор Нұрлан Даулетбаев (MD, PhD, МакГилл Университеті, Медицина факультеті, Монреаль қ., Квебек, Канада), Еуропалық респираторлық қоғамның мүшесі және Американдық Торакальдық өоғам мүшесі, Жүйелі Медицина бойынша халықаралық сарапшылар тобының мүшесі.

Семинар соңында қатысушылар ауыр бронхиалды демікпе мен аурудың патогенезі туралы түсінік алды, бронх демікпесінің бұл түріның таралуы, дифференциалды диагноз алгоритмдерін және оның емдеуге арналған соңғы ұсыныстары, ауыр бронх демікпесінің емдеудегі дәрілік емес әдістері, ауыр бронх демікпесінің диагностикасы мен терапиясын дербестендіру, медицинадағы жаңа бағыт сияқты ауыр бронхиалды демікпе фармакотерапиясы туралы білді. Сонымен қатар, пікірталас формасында жалпы практика дәрігерінің ауыр бронхиалды демікпесі бар науқастарды уақтылы анықтауға және емдеудегі рөлі талқыланды.

Семинарға № 1 қалалық емхана, № 21 қалалық емхана,№ 6 қалалық емхана, № 26 қалалық емхана, № 10 қалалық емхана, № 16 қалалық емхана, № 17 қалалық емхана, № 4 қалалық емхана, № 19 қалалық емхана және № 25 қалаық емхананың жалпы практика дәрігерлері қатысты.

Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.