III Арғынбаев оқулары

14.04.2018

Көрулер: 2736

«III Арғынбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

ҚР Мемлекеттік орталық музейі әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен бірігіп 2018 жылдың 13-14 сәуірі күндері «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұймдастырылды. Мақалада жария етілгендей қазақ қоғамын жаңғыртудың бірінші шарты өз мәдениетімізді, өз ұлттық кодымызды сақтау. Қазіргі Қазақстан этнографиялық ғылымына үлкен жауапкершілік арта отырып, жаңғыртуды табыспен іске асырудың алғы шарттары – тарихи тәжірибелеріміз бен үздік ұлттық дәстүрлерімізге сүйену.

Археология, этнология және музеология кафедрасы