Функционалдық материалдардың химиялық технологиялары

19.04.2018

Көрулер: 3137

ҚазҰУ-дың химия және химиялық технологиясы факультетінде V Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде «Функционалдық материалдардың химиялық технологиялары» атты 4-ші Халықаралық Ресейлік-Қазақстандық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Ресей мен Қазақстан арасындағы бүгінгі қарым-қатынастар заманауи ғылым саласында болып жатқан бүкіл постсоветтік кеңістіктегі екіжақты мықты ынтымақтастықтың айқын үлгісі. 2015 жылы ҚазҰУ мен Новосібір мемлекеттік техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Сол жылдан бастап  екі университет арасында қол жеткізілген келісімге сәйкес бірлескен конференциялар өткізіліп тұрады.

Конференцияның мақсаты – функционалдық материалдардың химиялық технологияларының өзекті мәселелерін талқылау. Конференцияның жұмысына жетекші шетел және отандық синтез және материалдарды зерттеу саласындағы 40-тан астам ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінен Ресей, Қазақстан, Германия, Израиль мамандары, сондай-ақ студенттер пен магистранттар және де PhD докторанттары қатысты.

Пленарлық отырыста х.ғ.д., профессор Н.Ф. Уварованың (Новосібір), Кайзерслаутерн қаласының Техникалық университетің профессоры Х. Зитцманның (Германия), Вар-Илан Университетінің профессоры И. Мастаяның (Израиль), х.ғ.д., профессор С.Р. Қоныспаевтың (Алматы), х.ғ.д., профессор М.Қ. Алдабергеновтың (Алматы), х.ғ.к., доцент А.А. Политованың (Новосібір), PhD В. Гидтаның (Германия), PhD К. Вильхельмның (Германия), т.ғ.к., доцент А.Г. Баннованың (Новосібір) баяндамалары ерекше қызығушылықпен тыңдалды.

Конференция жұмысы екі бағытта өтті, атап айтар болсақ «Синтездің ғылыми негіздері және функционалдық материалдарды дайындау. Процестер мен аппараттар» және «Каталитикалық процестердің физикалық-химиялық зерттеулері және мұнай-химия және мұнай өңдеу катализаторлары».

Конференция аясында студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың химия, химиялық материалтану, экология және химиялық технология саласында жұмыс істейтін мамандарына арналған үздік баяндамалар конкурсы өткізілді. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың оқу зертханасына мен Алматы қаласының көрікті жерлеріне сапарларды қамтитын экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.

Ғалымдардың пікірталас нәтижесі ретінде халықаралық және аймақтық деңгейде сұранысқа қажет болатын ғылыми ұсыныстар қабылданып, ғылыми қызметтестіктің бастамасына негіз салынды. Сонымен қатар НТМУ мен ҚазҰУ  арасында жыл сайын студенттер мен магистранттардың алмасу жүргізілуде. Сондай-ақ НТМУ-нің қызметкерлері, Кайзерслаутерн қаласының Техникалық университетінің және Бар-Илан Университетінің ғалымдары ҚазҰУ-дың студенттеріне ғылыми жетекшілік қызыметі мен бірлескен білім беру оқу бағдарламаларын дайындау жұмыстарымен де айналысуда.

 

физикалық химия, катализ және

мұнай химия кафедрасы.