TOTAL компаниясы және Француз-Қазақстан ғылыми және білім беру орталығы Гео-энергетика

21-нау-18

Көрулер: 3989

Бүгінгі күні қарқынды дамып  және қазақстандық студенттерге магистратура бойынша екіжақты диплом алу мүмкіндігін ұсынып отырған Француз-Қазақстан ғылыми және білім беру орталығы Гео-энергетика, TOTAL және KatKO-Orano сияқты ірі кәсіпорындарды өз жұмысына тарту бағытында мақсатты жұмыс атқарып, осы жылдан бастап олардың орталыққа үлкен мән беруіне және оның дамуына өз үлестерін қосуына ие болып отыр.  Бұл жерде осы жылдан бастап Орталық бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың бүкіл оқу жылы барысында француз тілін меңгеру мүмкіндігіне ие болғанын және осы шараға TOTAL компаниясының 10 мың евро бөлгенін атап айтқымыз келеді. Сондай-ақ, аталмыш компанияның қолдауы арқылы биылғы жылдан бастап Орталық білім алушылары және әріптес-университеттер TOTAL компаниясының профессорларынан ақысыз негізде қосымша білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Осылайша, 19.03.-21.03.2018 аралығында профессор Макс Миль “Well Log Analysis” тақырыбында лекция өткізіп, аяқталу барысындабарлық қатысушыларға аталмыш курсты тыңдағаны туралы компания сертификаты таратылды.

Гео-Энергетика орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығына, әсіресе, бірінші проректор М. Бүркітбаевқа және Механика-Математика факультетінің басшылығына ұйымдастыру жағынан қолдау көрсеткені үшін шексіз алғыс білдіреді.