«Археология және этнология» мамандығынан Республикалық студенттік пәндік олимпиада

30-нау-18

Көрулер: 4483

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті базасында 2018 жылдың 29-30 наурызында Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындары арасында «Археология және этнология» мамандығынан Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының екінші кезеңі өтті.

Олимпиаданың ІІ – кезеңінің талаптары төмендегідей болды:

1 тур. Командалардың таныстыруы

2 тур. Археология немесе этнология бағыты бойынша студенттік ғылыми жоба қорғау

3 тур. Археология және этнология пәндері бойынша 100 сұрақтық тест тапсыру.

4 тур. Олимпиаданың жабылуы және марапаттарды табыстау.

Олимпиаданың қорытындысы:

І жүлделі орын

-       Л.Н. Гумилев атындығы Еуразия Ұлттық университетінің «Lady раскопа» командасы. Команда мүшелері: «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері Айметова Уғлой Нематқызы, Дюсекеева Диана Абайқызы, Есенжолова Алина Берікқызы, Медетова Динара Мухтарқызы, Омарова Жанерке Қазбекқызы. Жетекшісі – т.ғ.к., доцент Умиткалиев Улан Умиткалиевич.

ІІ жүлделі орын

-       Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Қимақ» командасы. Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Кеңесов Әкежан, Жарылғасынова Бибинұр Муратбекқызы, Куракбаев Максат Кайратуғли, Амангелді Ардана Бақытқызы, Нұртай Күнбек. Жетекшісі – аға оқытушы Сапатаев Самат Абдиразакович.

-       Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің  «Сейхун» командасы. Команда мүшелері: Сәбитұлы Елжан, Қаражан Гүлдинер Арманқызы, Әлібай Бауыржан Елтайұлы, Есмахан Фариза Асылбекқызы. Жетекшісі – аға оқытушы Тажекеев Азилхан Ауезханұлы.

ІІІ жүлделі орын

-       Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Массагет» командасы. Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Шаламбаева Саида Мукановна, Адыханова Айдана Бауыржановна, Оразбаев Нурсултан Куатович, Үмітқалиев Дамир Берікұлы. Жетекшісі – оқытушы Амиров Ерлан Шарефович.

-       Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Қаршыға» командасы. Команда мүшелері «5В020800 – Археология және этнология» мамандығының студенттері: Жумағалиева Жанбота Жолдыбайқызы, Қатият Қымбат Жұмажанқызы, Дүйсенбай Назым Молдасерікқызы, Бейсенғазиев Нұрдәулет Мәлікұлы, Аққалиева Айбөбек Шыныбекқызы. Жетекшілері – аға оқытушы Солтиева Бақытгүл Шакеновна, т.ғ.к., доцент Мейрманова Гүлжан Асановна.

-       М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ұла дала қырандары» командасы. Команда мүшелері: Әшим Жантөре Қайратұлы, Антаров Закир Зукурович, Абдікәрім Тоты Нуранқызы, Ершора Мадина Нұралықызы, Минкан Нұрсауле. Жетекшісі – т.ғ.к., доцент Жанысбекова Гүлнар Амирбаевна.

Олимпиада мүшелеріне қатысқандығын растайтын сертификаттар, команда жетекшілеріне грамоталар берілді. Жүлделі орындар дипломмен марапатталды. Олимпиада жұмысына команда жетекшілері, Археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысып отырды.

археология, этнология және музеология кафедрасы