«Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының ашылуы

28.11.2017

Көрулер: 3432

2017 жылдың 28 қараша күні Алматыда «Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының /СК/ ашылу салтанаты болып өтті. Сарапшылыр клубы Қазақстан – Герман  университеті жанындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу Иституты мен ҚХР Алматыдағы Бас  консульдығының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Сарапшылар клубының ұйымдастыру мәжілісіне Қазақстан-Германия университетінің жанындағы ХҚ және аймақтық ынтымақтастық Институтының директоры Б. Қ. Сұлтанов, ҚХР Алматыдағы Бас консулы Чжан Вей, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас маманы Константин Сыроежкин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас маманы Леся Каратаева, Азиялық зерттеу институтының маманы Алма Сұлтанғалиқызы, Қытайды зерттеу институтының директоры Әділ Каукенов, Шығысты зерттеу институтының директоры Сұлтан Акимбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ғалия Мовкебаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының профессоры Сайфулла  Сапанов  т.б. қатысты.

Сарапшылар клубының басты мақсаты:

-         «Бір белдеу және бір жол» жобасын жүзеге асырумен, «Жібек жолы экономикалық белдеу» құрылысын жүзеге асыруға ат салысу;

-         Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту мен қазақстандық қоғамда ҚХР жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады.

Сарапшылар клубының басым бағыттары болып – қазақстандық қоғамды ҚХР ішкі және сыртқы саясатымен жан-жақты таныстыру, «Жібек жолы экономикалық белдеунің» Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық пайдасын көрсету.

          Сарапшылар клубының алғашқы отырысында төмендегідей мәселелер қарастырылды: СК құрудың себептері, мақсаты мен міндеттері. СК ережесі, құрылымы және принциптері туралы ұсыныстар, ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің қытай-қазақстан ынтымақтастығына қосқан үлесі туралы; «Бір белдеу және бір жол» жобасын жүзеге асыру барысындағы еуразиялық қауіпсіздік факторы, Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық мәселелері және т.б.

«Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының қызметіне сәттілік тілейміз.