Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжімен кездесу

19.02.2018

Көрулер: 4137

19.02.2018 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары Түргенбай А.А. мен Бисенбаева Ә.П. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде кәсіби бағдар бойынша колледж студенттермен, оқытушыларымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында колледж студенттеріне қытайтану кафедрасының қазіргі жетістіктері мен жоспарлары туралы баяндалып, қытай тілінің болашағы мен кафедрадағы студенттердің осы уақытқа дейін жеткен табыстары презентация түрінде студенттерге көрсетелді. Сонымен қатар, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі түлектерінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасына «Бірінші жоғарғы қысқартылған оқу бағдарламасы» бойынша білім алу мүмкіндігі бар екендігі ерекше атап өтілді. Студенттер оқуға қатысты түрлі сұрақтар қойып, Қытайтану кафедрасына байланысты толыққанды ақпарат алды. Сөз соңында Қытайтану кафедрасының мұғалімдері қатысушыларға алғыс білдіріп, өз тарапынан студенттерге Шығыстану кафедрасының буклеттері мен күнтізбелерін таратты.
Біздер республикалық, халықаралық деңгейде танылып жатқан, мысалы, Қазақстан Республикасының ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Нурышев Ш.Ш. сияқты түлектерімізбен қатар, осы колледжде қытай тілінің оқытушысы болып отырған түлегіміз Дәлеқызы Қарақат сияқты ұстаздық жолды таңдаған түлектерімізбен, тіпті бір ай бойы сіздердің колледжде педагогикалық тәжірибеден өткен бүгінгі студенттеріміз, ертеңгі түлектерімізбен де мақтанамыз. Өйткені біздің кафедрамыздың әр түлегі еліміздегі қытайтану саласының дамуына кішкентай болса да өз үлестерін қосып отыр және осы саланы әлемдік деңгейге көтеретініне сенеміз!