Халықаралық Фитнес Конгресс

30-нау-18

Көрулер: 3469

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина факультетімен бірге Халықаралық фитнес Конгрессін (International Fitness PRO Congress) ұйымдастыруымен    Сәуірдің 5-8 жұлдызында «Fitness PRO» фитнес-мектебі өтеді.

 Конгреске тренерлер, жаттықтырушылар, спортшылар, бишілер, менеджерлер, фитнес-бизнестің өкілдері және де БАҚ қатысады. Конгрестің негізгі тақырыптық бағыттары: стратегиялық басқару және сатылым, сколиоздың кинезиологиясы, функционалды оқытудағы заманауи үрдістер, прогрессивті қадам және аэробика, Schwinn сайкл қола деңгейі мен презентер өнері (аква фитнес), май кетіру және статодинамиканы ғылыми негіздеу бойынша дәрістер жүргізіледі.

 Халықаралық фитнес конгресс қатысушыларға жаттықтырушы практикасы саласы бойынша  фитнес клубты басқарушы және жеке кәсіпкерлер мен фитнес-клуб менеджерлеріне фитнес әлеміндегі соңғы тенденцияларды ұсынады.

Конгрест бағдарламасы:

   • «Кинезиология, жеке жаттықтырушының жұмысындағы оңалту» семинары. Сколиоз.

   • «CycleSchwinn қола деңгей» семинары.

   • Fitness -конвенция бойынша шеберлік-сағаты.

   • Dance-конвенция бойынша шеберлік-сағаты.

   • Aqua Конвенция бойынша шеберлік-сағаты.

   • Қазіргі физиология, аква-фитнес, би, фитнес бойынша семинарлар.

   • Бірінші қалалық Сайкл марафоны.

   • Фитнес бизнесінің иелері мен басшылары үшін 2 күндік бизнес-алаң (Бизнес-форум,

       Бизнес-семинарлар)

   • Фитнес индустриясының компанияларының көрмесі.

   • Топтық бағдарламалар бойынша үздік инструкторға арналған халықаралық байқау.

Спикерелер мен баяндаушылар ретінде Испания, Польша, Ресей және Қазақстан өкілдері, спорт индустриясының өкілдері, спортшылар, менеджерлер, жаттықтырушылар қатысады:

1) Горковский Дмитрий - IKTA кинезиотейпирования қауымдастығының сертификатталған нұсқаушы, Мәскеу қ, Ресей.

2) Мзареули Иван – Schwinn сайкл бойынша Рейсейдегі жалғыз мастер-тренер, Мәскеу қ, Ресей.

3) Симашова Мария, - Aqua Fitness Training Сentre компаниясының негізін қалаушы, мастер - тренер, оқытушы AFT (Aqua Fitness Training Сentre), Мәскеу қ, Ресей.

4) Ошкин Александр - Халықаралық презентер, street хореограф, биші, модель, актер, стилист, "Aero New Style" атты өзінің жеке стилін құрушы. Өз шеберлік-сағаттарын әлемнің 20 елінде жоғары деңгейде өткізген, Мәскеу қ, Ресей.

5)Майкл КуперMichal Kurpet – сертификатталған Zumba Jammer, Польша.

6) Исраел Маллейбре - биші және хореограф, "Dance Theatre" қалыптастырушы, Jazzy Moves - aerobic's dance system- стилін құрушы. Эксклюзивті инструктор және Illes (Palma de Mallorca) фитнес-центрлердің директоры, Испания.

7) Колесникова Наталья - Dance Aerobic, Dance Step, PortDeBras, Body Skills бойынша сертификатталған инструктор.Wellfitness Company оқытушы. FACTS® халықаралық тренері, Мәскеу қаласы, Ресей.

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша байланыс нөмірі:  - Татьяна: +7 701 748 08 16; Михаил: +7 777 196 5727.

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы 408 зал, Спорт комлекс .

Басталу уақыты : 9:00-де                                    

 

Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы