Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа

30-нау-18

Көрулер: 3277

2018 жылдың 9-10 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болашақ ұрпақтарға арналған тұрақты даму мен «Жасыл» экономиканың құндылықтары мен қағидаларын дамытуға, Еуразия кеңістігінде тұрақты дамудың іргелі идеяларын кеңінен тарату мүмкіндігін талқылауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты VІI Халықаралық студенттік форум өтеді.

Форумның негізгі мақсаты - студенттер мен жас ғалымдарға жасыл бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны сақтау, Қазақстанның индустриалды дамуына баламалы энергия көздерін енгізу, ЭКСПО-2017 (Астана қ.) көрмесінде ұсынылған инновациялық әзірлемелерді енгізу бойынша қазіргі тенденцияларды талқылау үшін диалогтық алаң құру.

Форумның бағдарламасы:

Толық мәжіліс жұмысы;

Панельді секциялар келесі бағыттар бойынша:

  • Тұрақты даму мәнмәтініндегі жасыл технологиялар және табиғатты пайдалану;
  • Тұрақты даму мәнмәтінінде биологиялық және экожүйелік алуантүрлілікті сақтау;
  • "Жасыл" экономика және жастар

Құрметті қатысушылар және осы форумға қатысам деушілер!

Сіздер осы іс-шараға онлайн форматта қатыса аласыздар. Ол үшін мақалаларыңыз бен өтініштеріңізді келесі электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: greenbridgework2018@gmail.com. Конференцияның хатшылары мақалаларды қағаз және электронды нұсқаларын 2018 жылдың 1-сәуірге дейін қабылдайды.