Тіл, мәдениаралық қарым-қатынас және ұлттық сәйкестілік: болашаққа бағдар

30-нау-18

Көрулер: 2686

«Тіл, мәдениаралық қарым-қатынас және ұлттық сәйкестілік: болашаққа бағдар»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы.

5-6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінде 21-ші дәстурлі конференция өтеді.

Бұл іс-шара жыл сайын жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасынің ұйымдастырылуымен өткізіледі, оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге, отандық Сүлеймен Демирел университеті, Қазақстанның қолданбалы лингвистикалық қауымдастығы (ҚҚЛА, Алматы, Қазақстан), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, сондай-ақ шетелдік КингзКаледж(King’sCollege, London) (Англия), Айтматов Академиясы (Лондон, Англия), Лондонуниверситетінің колледжі (UniversityCollegeLondon, UCL)(Лондон, Англия), Экономика және бизнес Вена университеті (Вена, Австрия), Стамбул университіжәне Стамбул университеті әл-Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығы (Түркия, Стамбул)қатысады. Конференция Әл-Фараби әлемі» V халықаралық конференциясы аясында өткізіледі.

Конференцияның «Тіл, мәдениаралыққарым-қатынас және ұлттық сәйкестілік: болашақ қабағдар»атты саражолы лингвистика және оның қолданбалы салалары, сонымен қатар, тілдерді оқыту мәселесімен айналысатын оқытушылар мен зерттеушілерді біріктіруді көздейді.

Конференцияның бағдарламасы әлемнің ағымдағы динамикасын, ескі және жаңа, жергілікті және жаһандық тенденцияларды, прогрессивті және консервативті көзқарастары, тұрақтылық пен тұрақсыздық модельдерін қамтыған білімнің барлық саласымен байланысты лингвистикалық және кросс-мәдени тақырыптарды қамтиды. Осы тақарып аясында тіл мен мәдениеттің, сонымен қатар қолданбалы лингвистика мен шет тілдерін оқытуда арнайы қандай да бір мәдениеттің ерекшеліктерін ескеру әмбебаптық мәселесі ерекше назар аудартады.

Конференция жұмыстарына қатысып, баяндама жасауға Қазақстан ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Канада, Австрия, Германия сияқты алыс және жақын шет елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларының, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тіл мамандары, көрнекті ғалымдар ықылас білдірді.

Аталмыш ғылыми шара 2018 ж. 5 сәуір күні сағат 10.00-де (әл-Фараби кітапханасы) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің деканы Өмірхан Абдиманұлының конференция қатысушыларына арналған құттықтау сөзімен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Мадиева Гүлмира Баянжанқызының алғы сөзімен ашылады.

Пленарлық мәжілісте PhD Hoffmann Edgar (Германия), Акбаров Азамат, PhD, Prof. Dr. Abdullah Kızılcık (Туркия), PD. Dr. Michael Reinhard Heß (Германия), д.ф.н. Е. Саурыков, д.ф.н. К. Молгаждаров (Қазақстан) баяндама жасайды.

Конференция соңында оның жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар қабылданады.