Springer Nature. Зерттеу бағыты бойынша журнал табу жолдары

28-нау-18

Көрулер: 3454

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің Жас ғалымдары кеңесі 2018 жылдың 28 наурызында Springer ресурстарын ғылыми зерттеулерде пайдалану бойынша 2-ші кезекті тренингін ұйымдастырды. Докторанттарға, жас мұғалімдерге және Жас ғалымдар кеңесінің мүшелеріне арналған тренингті «Springer Nature» компаниясының лицензияланған менеджері Ирина Александрова жүргізді.

Төрт кезеңнен тұратын оқыту бағдарламасы барысында ғылыми мақалаларды басып шығаруға арналған журналдарды іздеу және сапалы ғылыми мақалаларды дайындау әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, зерттеу бағыттары мен импакт-факторы бар рейтингтік шетелдік журналдарда мақалаларды жариялау аясында ғылыми мақалалардың үлгілері қарастырылды.