Қытайдың мәдениеті мен әдебиеті

28-нау-18

Көрулер: 3065

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті орталығында Қытайдың Чун Цзэ – Көктем мейрамы аталып өтті.

Жаңа жылды көктемде тойлау шығыс халықтарының көбіне тән. Чун Цзэ мейрамы қытайлықтардың ең ұлық мейрамы. Адамзатқа үміт өмірге құштарлық сыйлайтын бұл мереке жаңарудың, жасарудың, жаңалықтың жаршысы іспеттес.

«Қытайдың мәдениеті мен әдебиеті» деген атпен ашық есік күні форматында өткен шараға Алматыдағы ҚХР консулдығының өкілдері қатысты.

Шара барысында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 2 курс докторанттары: Керімбаев Ержан мен Мадиев Даниярдың қызықты дәрістері тыңдалды. Докторанттар кітапхана ұжымының арнайы өтінішімен өздері зерттеп жүрген тақырып аясында жиналған қауымға Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар туралы және Қытайдың мәдениеті мен тілін әлемге тарату саясатынан тұшымды ақпарат берді. Қытай халықтарының мәдениеті мен өнерінінен толық хабардар болған көпшілік қауым жиын соңында студенттер тарапынан ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.

Қытайтану кафедрасы