"World Kidney Day"

28-нау-18

Көрулер: 2489

Медицина факультетінде «Дүниежүзілік бүйрек ауруларының күні» аталып өтті.

Мақсат - бүйрек ауруларымен ауыратын адамдар санын азайту үшін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың назарын аудару сонымен қатар, ауруларының алдын алу, пациенттерге күтім көрсету сапасын арттыру, нефрологиялық ауруларды емдеуге арналған жаңа дәрілерді және медициналық техниканы дамыту болып табылады.

Бүгінде ДДҰ деректері бойынша бүйрек ауруы бар науқастар саны әлем халқының 10% -ын құрайды. 2006 жылдың наурыз айында «Дүниежүзілік бүйрек ауруларының күні» әр жыл сайын наурыз айының екінші аптасында аталып өтетін болған.

Шара аясында студенттер бүйрек ауруларының алдын-алу, кезеңдері, сырқатқа ұшыраған адамдардың өмір сапасын көтеру және ауруды анықтаудың белгілері мен тәсілдері сынды өзекті мәселелерді талқыға салып, халықты ақпараттандыру қажеттігін алға тартты.

Медицина факультеті