Медицина саласындағы тағылымдама

28-нау-18

Көрулер: 4217

ҚазҰУ магистранттары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іргелі медицина факультетінің базасында «Медицина саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп қайтты.  

Тағылымдама бағдарламасы магистранттардың ғылыми жұмыстары тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмыстарын жүргізуді ескере отырып әзірленді. Бағдарлама тыңдаушыны диссертациялардың ғылыми компоненттерінің көпшілігін құрастыра алатын етіп жасалған.

Тәжірибенің негізі магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін жеткілікті ресурстарға ие. Магистрлік диссертацияларға арналған семинарлар, лекциялар мен консультацияларды тәжірибелі және білікті оқытушылар өткізді.

Тағылымдама барысында магистранттар зерттеуді жоспарлау, іріктеу өлшемін есептеу, деректерді статистикалық талдаудың дұрыс әдісін таңдау және нәтижелерді ұсыну, статистикалық деректерді өңдеу үшін ең танымал компьютерлік жүйелермен жұмыс істеу туралы негізгі идеяларды алу әдістерін меңгерді.  

Тағылымдама барысында магистранттар өздерінің ғылыми жұмыстарын аяқтауға дайындықтарын көрсетті. Олардың кәсіби қызметінде одан әрі пайдалану үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білім алып, тағылымдамаға магистранттар оң бағасын берді.

 

Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы