Туберкулезбен күресу

27-нау-18

Көрулер: 2656

Медицина факультетінің эпидемиология және гигиена кафедрасы «24-наурыз - Бүкіл дүниежүзілік туберкулезбен күресу» күніне орай Алматы қаласының тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Туберкулез жұқпасының алдын-алу шаралары туралы тұрғындардың қаншалықты хабардар екенін анықтау мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттері тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық парақшалардағы қысқаша хабарламаларды толық түсіндіріп берді.

Нәтижесінде тұрғындар жұқпалы аурудың берілу жолдары және жұқтырған жағдайда қандай алғашқы белгілері болатыны жайлы егжей-тегжейлі ақпаратқа қанық болды.

Мамандар ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым құлан-таза айығып кетудің де мүмкіндігі мол. Сондықтан да жұқпалы аурумен күдіктенген жағдайда бірден ауруханаға барып, дәрігерлер көмегіне жүгіну қажеттігін алға тартты.

Эпидемиология және гигиена кафедрасы