НТО КАХАК-тың бастауымен "Оңтүстік Корея көші-қон және репатрация" атты семинар өтті

02.02.2017

Көрулер: 2996

Ақпан айының екісі күні Достық Үйіндегі кинозалда НТО КАХАК-ның бастауымен Кореяның бейбіт және демократиялық бірігу Консультативті кеңесінің Қазақстандағы бөлімімен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның корейтану бөлімімен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологимы кафедрасымен бірігіп семинар өткізілді. Семинар Қазақстанда тұратын корей диаспорасын зерттеуге септігін тигізуге бағытталған. Мұның негізгі мақсатына «Қазіргі диаспорология және ұлтаралық келісім мен толеранттылықтағы Қазақстанның тәжірибесі» атты 2015-2016 жылғы ғылыми жоба аясында қойылған міндеттердің жүзеге асуы нәтижесінде жетеді.