Үздік студенттерге «POSCO» шәкіртақысы табысталды

24.10.2017

Көрулер: 3191

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік студенттеріне Оңтүстік Кореялық «POSCO» компаниясының арнайы шәкіртақысы табысталды.

2006 жылы қор Азия мемлекеттерінің үздік студенттеріне шәкіртақы табыстайтын жаңа бағдарламаны іске қосты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қормен серіктестік туралы Меморандумға қол қойған алғашқы Азиялық университеттердің бірі болды. 

Атап өту керек, Оңтүстік Кореялық ПОСКО компаниясы – әлем бойынша ең ірі Оңтүстік Кореядағы металлургиялық және болат құятын концерн. Қор ғылым, мәдениет пен білімді қолдау үшін түрлі бағдарламаларды қаржыландырады.