Уақыт ағымымен

27.02.2018

Көрулер: 3686

Университеттегі студенттерді оқыту қоғамдағы өзгерістерге, жұмыс берушілердің талаптарына бейімделуге бағытталуы керек. Бүгінгі таңда мамандықтардың өмірлік циклы төмендей бастады. Оқытылатын пәндер жиынтығы өзгерістерге ұшырады, сұраныс жоқтары-жоғалып кетуде, ал басқалары- керісінше, өзгеріп отыратын еңбек нарығының жағдайына байланысты пайда болуда. Қазіргі уақытта ұлттық еңбек нарығының ғана емес, сондай-ақ өңірлік және тіпті жеке кәсіпорындардың талаптарын болжау қажет. Алынған білім студентке еңбек нарығында табысты бәсекелесуге және мансапты дамытуға мүмкіндік беруі керек. Жұмыс берушілерді түлектердің кәсіби құзыреттілігі, өндірістік қызметке әлеуметтік бейімделуі қызықтырады. Әзірленіп жатқан білім беру бағдарламалары нарық шарттарына және жұмыс берушілердің талаптарына икемді түрде бейімделуі керек. Болашақта оқыту бағдарламаларын жетілдіру мақсатында мүдделі тараптармен кеңес беру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі барған сайын маңызды бола бастайды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын түзету үшін 2018 жылдың 26-27 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында PhD докторант, (Фрайбург / Берлин) сарапшы және мұғалімі, Жоғары экономика мектебінің (Мәскеу қ.) зерттеушісі Лукас Бисхоф «Құзыреттілікке негізделген оқыту бағдарламасын жасау» тақырыбында мастер-класс жүргізу үшін шақырылды. Экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушылары оқытудың студенттерге бағытталған әдісін қолдана отырып, тұрақты білім беру бағдарламаларын дамыту негіздерімен танысу және еңбек нарығының қажеттілігін талдауға бағытталған мастер-класс жұмысына қатысты.