Тағылымды дәріс

19-нау-18

Көрулер: 3265

Тарих, археология және этнология факультетінде өткен тағылымды дәріс: Martin Blackwell «Kyiv as Regime City: The Return of Soviet Power after Nazi Occupation» Book Talk for Harvard Ukrainian Research Institute (HURI).

Тарих, археология және этнология факультетінде дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Солтүстік Джорджия университетінің (АҚШ) профессоры Мартин Блэквилдің «Kyiv as Regime City: The Return of Soviet Power after Nazi Occupation» тақырыбында тағылымды дәрісі өтті. Дәріске факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Кездесу дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиеваның модераторлығымен өтті. Аталған баяндама Америкалық ғалымның жазған кітабынан үзіндісі болып табылады. Кітап соғыс жылдарындағы Киевтегі нацистік режим жайында, сол кезеңдегі кеңестік билік пен қоғам арасындағы байланыстар жайын баяндайды. Сонымен қатар, Мартин Блэквилл соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдардағы ішкі істер халық комиссариатының қызметі жайлы ««Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Сталиннің ішкі істер халық комиссариаты (немесе НКВД) Киевті «бірінші санатты қала» деп атады және соғыс аяқталғаннан кейін, Киев әлі де осы екіжақтылықты сақтап қалды",-деп атап өтті.  Қатысушылар тарапынан тақырыпқа үлкен қызығушылық танытылып, оқытушылар мен студенттер көптеген сұрақтар қойды. Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Г.К. Көкебаева американдық әріптесіне алғыс білдіре отырып, нацистер оккупациядан кейінгі Киев орталығының қалпына келтірілуі, сонымен қатар, қала тұрғындарының ұлттық ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кездесу факультет оқытушылар  мен студенттер үшін өте маңызды әрі пайдалы болды. Кездесу соңында Мартин Блэквилл «Kyiv as Regime City: The Return of Soviet Power after Nazi Occupation» атты кітабын факультетке сыйға тартты.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы