Студенттік көктем

16.03.2018

Көрулер: 3937

ҚазҰУ-да дәстүрге айналған «Өнер әлемінің көктемі» атты «Студенттік көктем-2018» көркемөнерпаздар байқауының ақтық сайысы болып өтті. ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы департаментінің ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен байқауда барлық факультеттер мен колледж студенттері өз шеберліктері мен таланттарын паш етті. Мұнда өнерпаздар түрлі халық биі, вокал, эстрада, заманауи классикалық би, кешті жүргізу шеберлігі, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сынды өнер түрлерінен бақ сынасты.  

“Студенттік көктем – 2018” байқауында елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қазылық етуімен жүлдегерлер анықталды. Байқаудың қорытынды гала-концертінде талантымен таңғалдырған «Оза шауып бәйге алған» жеңімпаздар марапатталып, өнерлерін көрсетті.

Дүбірлі додада қазылар әрбір факультеттің артықшылығын байқап, үздік тұстарын қалыс қалдырмады. Сонымен байқауда «Ең үздік вокал және эстрада», «Ең үздік би», «Актерлік шеберлігі», «Ең үздік музыкалық аспаптарда ойнау» аталымдары бойынша орын алған факультет студенттері марапатқа ие болды. Ал жүлделі үшінші орынды механика-математика және айтитехнологиялар факультеті, екінші орынды тарих және шығыстану факультеттері, бірінші орынды химия және химиялық технологиялар факультеті иеленсе, бас жүлдені Ыстық көлге жолдамамен география және табиғатты пайдалану факультеті жеңіп алды.

Баспасөз қызметі