Араб тілі апталығы

15.03.2018

Көрулер: 3716

ҚазҰУ-да «Араб тілі апталығы» атты іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Жиынға Египет мәдени орталығының басшысы  Ибрахим Хамдан, шығыстану факультетінің  деканы Ы.Палтөре және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі  Р.Мухитдинов  пен араб тілін меңгеріп  жатқан студенттер мен магистранттар қатысты.

 Жарыстың төрелер алқасын басқарған доктор Абу-л-Футух Сабри қатысушылардың деңгейін анықтау мақсатында жарыс екі деңгейде өткенін, сондай-ақ ҚазҰУ студенттерінің араб тіліне деген ынтасының жоғары екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар шығыстану факультетінің деканы аталмыш факультеттің ашылуына негіз болған араб тілі мен араб тілінінің  оқытушыларының орнын ерекше атай келе, аталған іс-шара жоғары дәрежеде өткенін және осы апталықты ұйымдастыруда белсенділік танытқан оқытушылар мен Египет мәдени орталығының басшысына Абу-л-Футух Сабриға өз алғысын білдірді. Наурыздың 5-ші жұлдызынан бері өтіп жатқан араб тілі апталығы барысында жүргізілген, бірнеше сайыс қорытындысы және де  студенттер  мен магистранттар арасындағы араб тілі мен мәдениетіне қатысты жарыс нәтижесі жарияланып, жүлдеге ие болған студенттер ақшалай және сертификаттармен марапатталды.

 

 

Шығыстану факультеті