V Халықаралық Фараби оқулары

13.03.2018

Көрулер: 6726

ҚазҰУ-да сәуір айының 3-13 жұлдызы аралығында V Халықаралық Фараби оқулары өтеді. 2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде Халықаралық Фараби оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

V Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ Фараби оқуларына Нобель сыйлығының лауреаттары, Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ ҚР СІМ және дипломатиялық миссия өкілдері қатысады.

Оқулар шеңберінде келесі іс-шаралар:

  • 3-4 сәуірінде «Әл-Фараби және қазіргі заман»V Халықаралық Фараби форумы;
  • 4-13 сәуір аралығында факультеттердің халықаралық ғылыми конференциясы;
  • 9-12 сәуір аралығында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ғылыми-техникалық іс-шаралар Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және «Адам және биосфера» атты Ұлттық комитеттің ЮНЕСКО бағдарламасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы, ҚР-ғы БҰҰ ақпараттық бюросы, «Ақадемиялық ықпалдастық» атты БҰҰ-ның Хаб бағдарламасы (UNAI), «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, «Түркі тілдес журналистер» қоғамдық қоры, «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы, Кингс колледжі (Лондон, Англия), Айтматов Академиясы (Лондон, Англия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Стамбул университетінің «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталықтарының (Түркия) қатысуымен өтетін болады.

Ұйымдастырушылар: Заң факультеті. Философия және политология факультеті. География және табиғатты пайдалану факультеті. Химия және химиялық технология факультеті. Физика-техникалық факультеті.

Өтетін орындары: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы. ҚазҰУ спорт кешені. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы.

                                                                                           Қатысу шарттары

Форум жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына өтініш және тезис мәтінінің электронды нұсқасын келесідегідей формада рәсімдеп, өткізу қажет. Өтініш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болу керек. Өтініш: 

1. Аты-жөні

2. Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы) 

3. Қызметі

4. Ғылыми немесе академиялық атағы

5. Ғылыми дәрежесі

6. Байланыс телефондары, e-mail

7. Секция

8. Баяндама тақырыбы

 

 Форум жұмысының негізгі бағыттары:

  1.  Рухани жаңғыру: Ұлттық кодты сақтау мен дамыту
  2.  Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
  3.  ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер
  4.  Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
  5.  Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде
  6. "Ақылды" қоғам қалыптастыру-4.0 университет миссиясы

 

Форум аясында келесі дискуссиялық алаңдар өз жұмысын жүргізеді:

I пікір-сайыс алаңы «Мен «Рухани жаңғыруды» қалай түсінемін» студенттер арасындағы Республикалық эссе байқауы.

II пікір-сайыс алаңы «Қазақстандағы дінтанудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары»

III пікір-сайыс алаңы «Білім мен ғылымның жаһандануының бірегейліктің дамуына әсері»

IV пікір-сайыс алаңы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру контексіндегі студент жастардың ұлттық тәрбиесі дискурсы»

V пікір-сайыс алаңы «Қазіргі психологиялық зерттеулердегі әл-Фарабидың психологиялық көзқарастары»

VI пікір-сайыс алаңы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері: саясаттанулық аспект»

 

 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Ұйымдастыру комитеті форум жұмысының бағыттарына сай аяқталған ғылыми және тәжірибелік-бағытталған мақалаларды «ҚазҰУ Хабаршысы» журналы сериясына жариялау үшін қабылдайды.

Мақала электронды нұсқада (.doc, .docx, .rtf) ТЕК журнал сайтында жүктеу арқылы (Open Journal System или Editorial Manager) қабылданады.

Шрифт кегль – 12 (түйіндеме, кілт сөздер, әдебиет - 10, кесте мәтіні – 9-11), шрифт – Times New Roman, теңестіру – мәтіннің ені бойынша, жаңа жол – 0,8 см, жолдар арасындағы арақашықтық бірлік, беттің барлық жағы 2 см.

Суреттер, кестелер, графикалар, диаграммалар мен т.б. мәтінде номер арқылы беріледі (Мысалы, Сур. 1 – суреттің атауы). Суреттер, кестелер, графикалар, диаграммалардың саны мақала көлемінің 20% асып кетпеуі тиіс (кей жағдайларда 30%).

Мақала көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, түйіндеме, кілт сөздер, библиографиялық тізімді қоспағанда) әлеуметтік-гуманитарлық бағыт үшін 3 000 сөзден кем емес және 7 000 сөзден, ал жаратылыстанулық және техникалық бағыттар үшін 1 500-7 000 сөз аралығында болуы тиіс.

Авторлар міндетті түрде қосымша хатта Open Journal System немесе Editorial Manager жүйесінде жіберіліп отырған мақаланың еш жерде жарияланбағандығы туралы, мақалада басқа еңбектерден сілтемесіз мәтін фрагменттері алынбағандығын көрсетеді.

Мақаланың жарнасы мен төлеу тәртібі ғылыми редактор мен сыртқы рецензенттер мақұлдағаннан кейін «Қазақ университеті» баспасы арқылы бекітіледі.

Қосымша талаптарды ұйымдастыру комитетінен анықтау қажет.     

 

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,

Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы),  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, 314 а - бөлме

Телефон: 292-57-17 (2182) +77012721704

e-mail: farabiforum2018@gmail.com