ҚазҰУ-да "Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру – ENINEDU» жобасының үйлестіру кеңесі өтті.

15.02.2018

Көрулер: 3962

 

 

2018 жылдың 15-16 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының Ақ залында (409) Erasmus+ 574060 ENINEDU: «Enhancement of Higher Education and Corporate Sectors   Integration in Accordance with New Social Environment" / Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру – ENINEDU» жобасының үйлестіру кеңесі өтті.

2016 жылдың қазанынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы жобаның үйлестірушісі болып табылады. Жоба қатысушылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан), Сантьяго де Компостела университеті (Испания), Ницце-София Антиполис университеті (Франция), Шопрон университеті (Венгрия), Афина экономика және бизнес университеті (Греция), Ресей халықтар достығы университеті, Самара мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей), И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті (Ресей), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан).

Жобаның мақсаты – қазіргі заманғы әдістердің практикалық маңыздылығын, олардың оқу жоспарларындағы орны мен осыған сәйкес оқытудың нәтижелерін өлшеу, әрбір серіктес ел үшін қолайлы бизнес-университет ынтымақтастық жүйесінде интеграцияланған стандарттарды дайындау, ЖОО-лардың бизнестегі ынтымақтастығы туралы ЕО елдеріндегі ұлттық заңнамаға қатысты сараптамалық зерттеулер жүргізу.

Үйлестіру кеңестің мақсаты – жобалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау, жобаның есептік және ағымдағы қызметін қамтамасыз ету, 2018 жылға арналған жобаның перспективаларын және міндеттерін анықтау, қатысушы университеттердің үйлестірушілерінің есеп беруі – жоғары оқу орындарында жобаның орындалу барысын талқылау, жобаның жақын уақытта болатын іс шараларын жоспарлау және үйлестіру, талқылау, сұрақтар мен жауаптар, жиналысты қорытындылау.

Үйлестіруші кеңеске жоба мүшелерінің кең ауқымы қатысты: университеттердің үйлестірушілері мен өкілдері болды (Энрике Лопес Велосо (Испания); Тамас Чегледи (Венгрия); Теодора Трахана (Греция) – on-line трансляция; Калыгина В.В. и Мосейкин Ю.Н. (РУДН, Ресей); Маслова И. и Маслов Б. (Орел, Ресей); Зотова А. (Самара, Ресей); Куангалиева Т. (ЕНУ, Қазақстан)), және де жұмыс беруші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері: «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасынан Шагамбаева А., «Al-Sakr Finance» АҚ-нан Нурбаев Д.К., «Мансап және кәсіби даму орталығынан» Дабылова М., сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоба бойынша ғылыми-зерттеу тобы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.Бүркітбаев құттықтау сөзінде қатысушыларды жобаның мақсаттары, міндеттері, негізгі іс-әрекеттерімен таныстырды.

Қазақстанда Эразмус + бағдарламасының үйлестірушісі Т.Ш. Тасболатова Қазақстан, Ресей және ЕО үшін жобаның маңыздылығын көрсете отырып, құттықтау сөз сөйледі.

Жобаның үйлестірушісі Ш.А. Джомартова жобаны іске асырудың бірінші жылында жұмыс тобының жұмысының негізгі нәтижелерін және жаңа жылдағы алдағы іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ қатысушыларды 2018 жылға арналған міндеттермен және жобаның перспективаларымен таныстырды.

Сантьяго де Компостела (Испания) университетінің жоба үйлестірушісі Энрике Лопес Велосо «Бизнес-университет серіктестігіне байланысты меңгерілген әдістерді оқу үдерісіне еңгізу бойынша университеттің академиялық және әкімшілік қызметкерлері» туралы презентациясымен сқз сқйледі.

Шопрон (Венгрия) университетінің жоба үйлестірушісі Тамас Чеглиди «Еуропалық Одақ елдеріндегі ұлттық заңнаманы университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы бойынша анықтауға арналған аналитикалық зерттеулерімен» таныстырды.

Афинадағы Экономика және бизнес университетінің (Греция) жоба үйлестірушісі Теодор Трахана он-лайн трансляция арқылы: «Университеттік бизнес: ЖОО-мен ынтымақтастықта оң тәжірибеге қол жеткізу» тақырыбында презентациясын ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің (Қазақстан) жоба үйлестірушісі Жидебекқызы А. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жобаның бірінші жылы бойынша жүзеге асырылуы туралы есебін» баяндады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Қазақстан) жоба үйлестірушісі Т.Куангалиева «Әріптес елдерде жүйелік элементтердің түрлі конфигурацияларын эксперименттік тестілеу» атты презентациясын жасады.

И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің (Ресей) жоба үйлестірушісі И.Маслова «Университеттік бизнес - ЕО-тың университеттермен ынтымақтастықта оң тәжірибесін ұсыну» вебсеминары» туралы презентациясымен сөз сөйледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жұмыс тобының мүшесі Еркін Н. «Бизнес орталықтар құру және жабдықтарды сатып алу» презентациясын жасады.

Үйлестіру кеңес жұмысы барысында түрлі талқылаулар жүргізілді, сұрақтар қойылды, жиналыс қорытындысы шығарылды. ЕО-тың тәжірибелік білім беру туралы заңнамасы әлемде алдыңғы қатарлы және осы мәселе бойынша серіктес-елдердің заңнамалық базасында жемісті өзгерістерді жүзеге асырудың тамаша көрсеткіші болып табылады. ЕО және осы елдермен серіктес елдер арасындағы білім беру, технологиялар, әлеуметтік ортадағы айырмашылықтарға байланысты Үйлестіру кеңесі ресейлік және қазақстандық нарықтарда қолданылатын әдістерді талқылады. Бизнес-университеттермен ынтымақтастықтың таңдаулы әдістері жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен жоғары оқу орындарын дайындау арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған жүйеге айналады. Іскерлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың нәтижелі жүйесі барлық университеттердегі студенттердің құзыреттілігін кейбір вариациялармен көтеруге арналған.

Жоба қатысушылары бизнестің өзара әрекеттестігі және ЕО-да білім беру тәжірибесін пайдалану туралы кең көлемді тәжірибені көрсететін бірлескен есеп дайындайды. Есепте осы мәселе бойынша толық ақпарат болады, яғни өзара әрекеттесу механизмінің сипаттамасы, ынтымақтастық мысалдары, кіріктірілген әдістермен оқу бағдарламаларының үлгілері, жобаларды бағалаудың мысалдары туралы.