"Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық"

26.02.2018

Көрулер: 3894

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университетімен (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып "Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық" ("Arid Lands: Environmental and Social Sustainability") атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізуін хабарлайды. Бұр ісшара Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған.

 

Конференция бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды:

v  «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарының тұрақты дамуы» пленарлық тақырыптық сессиясы және бірнеше баяндамалар. 

v  Келесі тақырыптық бағыттар бойынша үш бөлімдік жұмысты: 

 

  1.  «Орталық Еуразия аридті аймақтарының экологиялық мәселелері» 

(Климаттық тұрақтылық, шөлдену, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғат қорғау аймақтары, экологиялық заңдар, қашықтықтан зондтау, кеңістіктік талдау, жердің тозуы, су ресурстары және т.б.)

 

  1.  «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарда тұрақты даму»

(Жер пайдалану, техносфера, туризм, жергілікті қауымдастықтарының мәселелері, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен теңсіздікті төмендету, тұрақты даму мақсаттары мен жергілікті/ аймақтық мәселелер, ЮНЕСКО / ЮНЕП бастамалары, жаһандық ынтымақтастық пен перспективалар және т.б.)

 

  1.  «Өткен және қазіргі кездегі Жібек Жолы»  

(Тарих, археология, Бүкіләлемдік мұра, трансшекаралық мәселелер мен қоршаған орта, Азияда және одан тысқары аймақта даму мен ынтымақтастық дәліздері және т.б.).

 

Конференция қорытындысы бойынша Алматы қаласының төңірегіндегі Түйе Фермасына бір күндік тур жоспарланған (конференция қатысушылары есебінен).

Конференцияның материалдары «ҚазҰУ Хабаршысы, география» арнайы басылымында жарияланатын болады, ал ең жақсы баяндамалар Аридті аймақтар журналында жариялауға ұсынылады.

 

Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.  

Қосымша ақпарат пен тіркеу формасын келесі сілтемеден таба аласыз: http://greenbridgework.kaznu.kz/?p=3309

Өтініштер мен мақалаларды келесі электрондық поштаға жіберу керек:
greenbridgework@gmail.com

Конференция хатшысы 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін өтініштер мен баяндамаларды қағаз және электронды түрде қабылдайды.

Конференция Ұйымдастыру комитеті конференцияның негізгі бағыттарынан тыс ұсынылған баяндамаларды және аталған талаптарға сай келмейтін басылымдарды қабылдамауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті баяндамалардың мәтінін редакциялау жұмыстарын жүргізбейді.

Конференцияға тіркелу тегін. Қонақ үй және жол шығындары қарастырылмайды.

 

            Өтетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы.

            Ұйымдастыру комитеті: ЮНЕСКО-ның География және қоршаған орта факультетінің орнықты даму жөніндегі кафедрасы. 

050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, бас оқу ғимараты 6, 1 эко.

Тел. + 7(727) 221-31-35.

 

«Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық» атты Халықаралық ғылыми конференция қатысушысының

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

 

Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4-қабат, 11-12 сәуір 2018 ж.

 

Аты-жөні,

(латын және кириллица әріптерінде)

 

Мемлекет, қала

 

 

Лауазымы, жұмыс орны

(толық және қысқартылған түрлерінде)

 

Телефон

 

 

Электрондық пошта

 

 

Секция (атауы)

 

Ағылшын және орыс тілдеріндегі баяндама тақырыбы

 

Аннотация (300-500 сөз)