Тарихшылар бас қосты

19.02.2018

Көрулер: 2184

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінде «University38» альянсінің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында тарихшы- оқытушылардың отырысы өтті. Аталмыш шара "Өлкетанушылар мен этнографтардың" клубын дамытуға арналды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында өлкетанушылар мен этнографтардың жұмысын дамытуға арналған отырыста, ЖОО- дан келген тарихшы- оқытушылар өз ұсыныстарын ұсынып, аталмыш саладағы мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға ала отырып, өлкетану   саласына үлкен назар аудару керектігін айтқан болатын.

Алматының 38 ЖОО жиналған   тарихшы-оқытушылар аталмыш саланы дамыту мақсатында көптеген ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ ЖОО-ның студенттеріне арналған біріккен өлкетану экспедицияларын құру, әрбір ЖОО-да өлкетанулық мұражай ашу, сонымен қатар елді- мекен мен көше атауларының тарихын зерттеу , «Мен тұратын көше», «Мен тұратын ауыл» сынды байқаулар өткізу. Және де Алматы қаласының тарихи туризіміне де назар аударуды сұрады. Аталған ұсыныстар алдағы уақытта іске асырылуын қолға алып, студенттер арасында өлкетануға деген қызығушылықты арттыру мақсат етілді.

 

 

 

Баспасөз қызметі