«Оренбургский путь Ахмета Байтурсунова»

07.02.2018

Көрулер: 3075

Жуырда әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхананың мәжіліс залында Т.И. Тоғайдың «Оренбургский путь Ахмета Байтурсунова» (Орынбор, 2017) атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті. 

Кездесуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті, «ДомДружбы народов» Орынбор облыстық қоғамдық ұйымы» (РФ), «Бәйтерек» Орынбор облыстық қайырымдылық қоры (РФ), «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы және «Ақжол» демократиялық партиясы ұйымдастырды. Кездесуге ғалымдар, докторанттар және магистранттар белсенді қатысты.

Факультет деканы қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатовна кездесу барысында модератор болды. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей мемлекетінің тарихы мен күнделікті өмір тарихындағы белгілі танымал сарапшы Сергей Любичанковский Валентинович және «ДомДружбы Народов» (РФ) Орынбор облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы Тайкешева Сауле Совхозовна өз пікірлерін ортаға салды. Орынбор мемлекеттік университеті - білім және ғылым саласындағы факультетіміздің серіктесі болып табылады.