«Noblesseoblige» идеясын іске асыру

30.01.2018

Көрулер: 3179

 Жуырда Алматыда Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің қиыр шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің жеті студенті 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы алды. «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның шәкіртақы ұсыну рәсімі 10 жылға жуық уақыттан бері іске асып келеді. Осылайша «Шинхан банк Қазақстан» АҚ жылда «Noblesse oblige» идеясын іске асыруда. Осындай іс-шаралар студенттердің корейтануға деген қызығушылығын көтеріп, «Шинхан банк Қазақстан» АҚ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы оқу-білім және ғылым салаларындағы қарым-қатынасты нығайтуда. Қарым-қатынасты осылайша нығайту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дамуына үлес қосып,  корейтану бөлімінің студенттеріне көмек көрсетеді. Шәкіртақыға ие болған біздің студенттерді құттықтаймыз және өздерінің білімі мен болашағына нық сенімді жоғары дәрежелі маман болуына тілектеспіз.

Қиыр Шығыс кафедрасы