«Халықаралық Хинди тілі» мерекесі аталып өтті

27.01.2018

Көрулер: 3378

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Шығыстану факультеті, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері Үндістан Елшілігі және Үндістанның Қазақстандағы үнді сауда және мәдениет палатасымен бірлесе отырып «Халықаралық Хинди тілі» күні мерекесін атап өтті.

Алматы қаласында үнді мәдениетімен танысып, хинди тілін оқып жатқан студенттер аталмыш мерекеде үнді тілінде әсем ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. 

Үндістанның Қазақстандағы Төтетше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар «Аталмыш мерекенің қазақ жерінде де ескерілуі үнді халқына деген шынайы достастығымыздың дәлелі. Мерекелік бағдарламаны тамашалу барысында үнді тілінде шырқалған әсем әндер мен мың бұралып көрсетілген билер мені құдды бір үнді даласында отырғандай күйге бөледі», - деді елші. Жиын соңында қазақ-үнді достығының күшейе түсуінің кілті - жас үндітанушы мамандардың қолында деген шараға қатысушылар барша көрермендер мен ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.