ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИНДИ ТІЛІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ

28.01.2018

Көрулер: 3207

28 қаңтар 2018 жылы Рамада қонақ үйінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Шығыстану факультеті, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері Үндістан Елшілігі және Үндістанның Қазақстандағы үнді сауда және мәдениет палатасымен бірлесе отырып «Халықаралық Хинди тілі» күні мерекесін атап өтті. Алматы қаласында үнді мәдениетімен танысып, хинди тілін оқып жатқан студенттер аталмыш мерекеде үнді тілінде әсем ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

 Үндістанның Қазақстандағы Төтетше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар  мырза мерекелік шара барасында  Алматы қаласында хинди тілі оқытылып жатқан орталықтар мен университет студенттерінің өнерлеріне риза болып, өз пікірін былай білдірді: «аталмыш мерекенің қазақ жерінде де ескерілуі үнді халқына деген шынайы достастығымыздың дәлелі. Мерекелік бағдарламаны тамашалу барысында үнді тілінде шырқалған әсем әндер мен мың бұралып көрсетілген билер мені құдды бір үнді даласында отырғандай күйге бөледі». Қазақ-үнді достығының күшейе түсуінің кілті - жас үндітанушы мамандардың қолында, - деп  мерекелік шараға қатысқан барша көрермендер мен ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.