Семинар – біліктілікті арттырудың бір жолы

17.01.2018

Көрулер: 2325

Халықаралық қатынастар факультетінде Франция елшілігі, Қазақстандық француз тілі оқытушыларының республикалық ассоциациясы және Француз Альянсының қолдауымен республикадағы шет тілдері оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Шетел тілдері мен аударманы оқытудағы заманауи әдістер» атты республикалық семинар өтті.

Семинарға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Сүлеймен Демирел университеті, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰУ, Халықаралық бизнес академиясы, Қ.С. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. Ғылыми-әдістемелік семинар қазақ, ағылшын, орыс және француз тілдерінде жүргізілді. Соған сәйкес екі секция жұмыс жасады. Семинардың мақсаты: оқытушыларды шет тілін және аударманы оқытудағы заманауи жаңа әдістермен таныстырып, оларды оқу процесінде қолдануға үйрету, ХХІ-ғасырдағы тіл білімі саласында болып жатқан өзгерістермен таныстыру, мастер-кластар өткізу арқылы шеберліктерін шыңдау, адами, тілдік және мәдени капиталдарын байыту болып табылады.

Семинарда халықаралық қатынастар факультетінің деканы Сағынғали Айдарбаев сөз сөйлеп, семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дипломатиялық аударма

кафедрасының меңгерушісі

ф.ғ.к., доцент А.С. Сейдикенова