15.01.2018

Көрулер: 2587

15 қаңтар сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-педагогикалық активі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылайды.

Мемлекет басшысы атағандай, бүгінде қазақстандық қоғам алдында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында 10 басым міндет тұр. Президент Қазақстанда бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуға ерекше көңіл аударды. Осыған орай университеттер жаңа сапамен қамтамасыз етіп әрі қазақстандық қоғамды модернизациялауда алтын көпір болуы керек.

Аталмыш шараға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, көрнекті ғалымдар, ғылым мен мәдениет салаларының қайраткерлері, докторанттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Күні, уақыты және өтетін орны: 15 қаңтар 2018 ж., сағат 15:00, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 15 қабат.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Байланыс 8 (727) 377 3148

www.kaznu.kz